07feb463-1384-4a12-b532-133e672ad2e3

Ғаламтор кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы түсіндірілуде

Діни мәселе бойынша ғаламторға сұрау салсаңыз, түрлі ақпараттар шығады. Ол жерде дұрыс та, теріс те ақпараттар бар.

Теріс, деструктивті ағымдардың мақсаты-деструктивті, жалған сенімдерін халыққа жаю және өз қатарларына тарту.

Көбіне деструктивті діни ұйымдар ғаламтордағы өз идеологияларын шетелден жүргізеді. Олардың ақпараттық көздері көбіне «.com», «.org», «.info» тәрізді халықаралық домендік атауларға ие болады. «ВКонтакте», «Одноклассники», «Twitter», «Youtube», «Фейсбук» және «Инстаграм» сияқты танымал әлеуметтік желілерді де қолданады.

ҚР заңнамасына сәйкес Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (174-бап), Терроризмді насихаттау немесе жария түрде террорлық акт жасауға шақыру (256-бап), Әдейі жалған ақпарат тарату (274-бап) бойынша қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жауапқа тартылатын ескертеміз.

Аталған мәселелерді мектеп оқушылары мен ЖОО студенттеріне түсіндіру мақсатында «Аңсар» орталығы online кездесулер өткізуде. Атап айтсақ, орталық басшысы Н.Жаншин «Жат ағым зардаптары» №39 орта мектеп, орталықтың бөлім басшысы Н.Разақов «Дін мен Діл» @baishevabibilioteka, дінтанушы С.Жидебаев «Қазақстандағы діни ахуал» №1, №10, №21, №4 орта мектеп, теолог Н.Панаев «Деструктивті діни ағымдардың зардабы» №47, №15 орта мектеп, М.Оспанов БҚМУ студенттерімен, теолог А.Ермағанбет «Деструктивные религиозные течения: методы определение и защиты» №5, №11, №13, №8 орта мектеп, дінтанушы Н.Мұхамбетәлі «Жастар және дін» №30 орта мектеп, исламтанушы Ш.Қазихан «Дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары және олардан қорғану» №28 орта мектеп, М.Оспанов БҚМУ топ жетекшілерімен дәріс өткізді.

Күмәнді бағыттағы сайттар мен әлеуметтік желілерге тіркелмеңіз, олардың ақпараттарын бөлісіп, таратылуына ықпал етпеңіз!

Комментарии закрыты.