564564

Теміржол вокзалында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүрді

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы тарапынан халық көп шоғырланатын жерлерде атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Аңсар» орталығының теолог мамандары Ақтөбе темір жол вокзалы және Ақтөбе көші-қон полициясы мекемесіне келушілерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында дін саласындағы конституциялық және заңнамалық нормалар, ҚР аймағында тыйым салынған деструктивті діни ағымдар, олардың сипаттары, әлеуметтік желілердегі арандату тәсілдері туралы ақпараттар беріліп, бүктемелер таратылды.

Дін мәселелеріне байланысты сенімді ақпарат алғыңыз келсе, Ақтөбе қаласы, М. Оспанов, 96 мекен жайы бойынша «Аңсар» орталығына жолықсаңыз болады. Немесе 8 776 0 741 707 Сенім телефонына өз сұрағыңызды жолдаңыз.

Комментарии закрыты.