8997

Ақтөбе халықаралық әуежайында түсіндіру жұмыстары жүрді

Халықтың түрлі топтары арасында дін саласындағы құқықтық сауаттылық, базалық білім және азаматтардың ақпараттандырылуын арттыру мақсатында қоғамдық орындарда атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүруде.

Түсіндіру жұмыстарын «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімдігінің мамандары Ақтөбе халықаралық әуежайында жүргізді.

Түсіндіру жұмыстары барысында халыққа діни мәселелер бойынша арнайы ресми орындарға жүгінудің маңызы, деструктивті діни ағымдардың сипаты, олардың арандату тәсілдері және олардан сақтану жолдары түсіндіріліп, бүктемелер таратылды.

Комментарии закрыты.