84ed64fc-00a5-4efc-a76b-f570c2e419f8

Орталық базар аумағында түсіндіру жұмыстары өтті

Халықтың түрлі топтары арасында дін саласындағы құқықтық сауаттылықты және азаматтардың дұрыс ақпараттандырылуын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласында орналасқан базарлар мен сауда орындарында атаулы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Түсіндіру жұмыстарын «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог мамандары «Орталық базар» аумағында жүргізіп, халықтың діни сауалдарына жауап берді.

Түсіндіру жұмыстары барысында деструктивті діни ағымдардың сипаты, олардың арандату тәсілдері және олардан сақтану жолдары түсіндіріліп, бүктемелер таратылды.

Деструктив сөзі латын тілінен аударғанда destructio – бұзу, бүлдіру, қирату деген мағынаны білдіреді. Яғни қалыптасқан жүйені бұзу. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.

Комментарии закрыты.