Біз жайлы

 

 

Сүлейменов Жандаулет Отарбайұлы

"Аңсар" ақпараттық - талдау орталығы КММ басшысы

 


  Ақтөбе облысының дін істері басқармасы мемлекеттік мекемесінің Аңсар ақпараттық - талдау орталығы  коммуналдық мемлекеттік мекемесі Ақтөбе облысы әкімінің қаулысымен 2014 жылы құрылды. Заңды тұлға мәртебесі бар ұйымдастырушылық - құқықтық, нысанында құрылған коммерциялық емес мекеме болып табылады. Мекеме өңірлік деңгейде діни үдерістерді зерделеу бағытында қызмет атқарады.

Мекемеде 3 бөлім жұмыс атқарады

  Әкімшілік бөлімі , талдау және мониторинг бөлімі және ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмысы жөніндегі бөлімі.

Талдау және мониторинг бөлімі 

  Бөлімнің негізгі міндеті - Ақтөбе облысындағы діни ахуалға талдау және мониторинг жасау.

  • Діни бағытта элеуметтік зерттеулер жүргізу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдарына талдау және мониторинг жасау;
  • Әдістемелік құралдар брошюралар мен буклеттерді шығару және тарату.

Әкімшілік бөлімі:

Бөлімнің негізгі қызметі мекеменің кадрлық және заң жұмыстарын камтамасыз ету болып табылады.

  • Құқықтық сипаттағы құжаттарды жасақтау;
  • Мекеменің кадрлық және құжаттамалық іс-қағаздарын жүргізу;
  • Қоғамдық, ұйымдастарға құқықтық көмек беру.

Ақпараттық түсіндіру және оңалту жұмысы жөніндегі бөлімі.

  Бөлімнің негізгі міндетті - Ақтөбе облысы тұрғындары арасында ақпараттық түсіндіру және оңалту  бағытында шаралар өткізу.

  • Ақтөбе облысындағы дін жөніндегі ақпараттық - насихат топ қызметін ұйымдастыру;
  • Өңір тұрғындарына ақпараттық - түсіндіру жұмыстарын (дәрістер, акциялар, кездесулер, семинарлар және т.б.) өткізу;
  • Ағарту қызметін өткізу;
  • Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді насихаттау;
  • Жазасын өтеушілермен оңалту орталықтарында кездесулер өткізу.

Аңсар кеңес беру - оңалту орталығы қоғамдық бірлестігі

Бірлестік қызметтінің мақсаты мен мәні

Бірлестік әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени және өзге қоғамдық маңызды мақсаттарды көздейді.

Мақсаттарға жету үшін бірлестік төмендегідей қызмет түрлерін атқарады.

  • Төзілімдікті және адамгершілікті насихаттау;
  • Салт - дәстүрлерді, әдет - ғұрыпты және ұлттық қағидаларды қорғау;
  • Әлеуметтік әділеттілікті, өнегелілікті, салауатты өмір салтын, қайырымдылықты насихаттау;
  • Азаматтардың сеніміне, ұлтына , жынысына және т.б қатысты кемсітүшілік фактілерді туралы қоғам мен мемлекеттік органдарды ақпараттындыру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға көмектесу;
  • Деструктивті әдебиеттер және радикалды мәнді материалдармен күрес жөніндегі сараптамалық қеңестің жұмысына көмектесу.

Мекеменің мақсаты:

  • Халықтық діни сауаттылығын арттыру;
  • Түрлі діни, мәдени - көпшілік және танымдық шараларды ұйымдастыру және өткізу;
  • Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы дәстүрлі дінді насихаттау және түрлі діни ағымдардан сақтандыру мақсатында ақпараттар тарату;
  • Халықтық санасында төзімділікті қалыптастыру.

Ұжымы

"Аңсар" ақпараттық талдау орталығы" КММ-нің ұжымы