Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Бас Прокурордың сөйлеген сөзі

Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою бойынша жұмыстардың белсенділігі арттырылды.

 2014 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысы Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы біздер әзірлеген Заңға қол қойды.

Осы жұмыстар аясында 100 мыңнан астам интернет-ресурстарға мониторинг жасалды.

Нәтижесінде прокурорлардың және уәкілетті органдардың арыздары бойынша соттар 703 интернет-ресурстың өнімдерін заңсыз деп таныды.

Сондай-ақ соттар 198 ақпараттық материалдардың мазмұнын экстремистік деп тану туралы прокурорлардың арыздарын қанағаттандырды.

Бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

2014 жылы алғаш рет уәкілетті органға ұйғарым енгізу арқылы экстремистік мазмұндағы ақпаратқа кіруге сотқа дейінгі шектеу қою қолданылды.

Сондай-ақ тұңғыш рет біздің ұсынысымыз негізінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы өз елінің уәкілетті органына экстремистік мазмұндағы ақпараты бар барлық ресурстарға кіруге тыйым салу туралы талап жолдады және ол толықтай қолдау тапты.

Қадағалаудың мүндай тәжірибесін кеңейтіп, біздің жақын және алыс шет елдердегі әріптестерімізбен жұмыста қолдану керек.

Ақтөбе облысы прокуратурасының тәжірибесі де көңілге қонымды, олар еңбекпен түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау шеңберінде радикалды сипаттағы сотталғандардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған, өз кезегінде бұл олардың ұстанымдарын өзгертуге себеп болған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturanyn-alka-mzhilisinde-bas-prokurordyn-soylegen-sozi-23-kantar-2015

Соттың шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік діни ұйымдардың тізімі:

І. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2004 жылғы 15 қазандағы шешімі негізінде:

1. «Аль-Каида» 
2. «Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 
3. «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 
4. «Күрд Халық Конгресі» («Конгра-Гел»)

ІІ. Жоғарғы Соттың 2005 жылғы 15 наурыздағы шешіміне сәйкес:

5. «Асбат аль-Ансар» 
6. «Братья-мусульмане» 
7. «Талибан» қозғалысы 
8. «Боз гурд» 
9. «Орталық Азиядағы Жамаат моджахедтер» 
10. «Лашкар-е-Тайба» 
11. «Әлеуметтік реформалар Қоғамы»

ІІІ. Астана қаласы сотының 2005 жылы 28 наурыздағы шешіміне сәйкес:

12. «Хизб-ут - Тахрир» ұйымы

ІV. Астана қаласы сотының 2006 жылы 17 қарашадағы шешіміне сәйкес:

13. «АУМ Синрикё» 
14. «Шығыс Түркістан азат ету ұйымы»

V. Астана қаласы сотының 2008 жылғы 5 наурыздағы шешіміне сәйкес:

15. «Түркістан ислам партиясы».

VІ. Атырау қаласы сотының 2011 жылғы 25 қазандағы шешіміне сәйкес:

16. «Джунд-аль-Халифат»

VII. Шығыс Қазақстан облысы арнайы ауданаралық экономикалық сотының 2012 жылғы 7 маусымдағы шешіміне сәйкес:

17. РҚБ «Сенім. Білім. Өмір»

VIII. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2013 жылғы 26 ақпандағы шешіміне сәйкес:

18. «Таблиги джамагат»

IX. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының 2014 жылғы 18 тамыздағы шешіміне сәйкес:

19. «Ат-такфир уаль-хиджра»

X. Астана қаласы Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 15 қазандағы шешіміне сәйкес:

20. «Исламское мемлекеті (ДАИШ)» лаңкестік ұйымы

21. «Фронт ан-Нусра»

Қазақстан Республикасының аумағында қызметіне тыйым салынған оккульттік-мистикалық ұйымдардың тізімі

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы және Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотының 2009 жылғы 12 қаңтардағы шешімдеріне сәйкес Фархат Абдуллаевтың «Алля аят» әдісіне сәйкес адамдарды емдеуді насихаттау және тарату бойынша ұйымның қызметіне тыйым салынған..

«АЛЛЯ АЯТ»

Пайда болуының тарихы

Оккультті-мистикалық діни ағым болып табылады (фархадшылар). Ағымның негізін қалаушы - өзін Құдай және «Жаратушы» деп жариялаған ҚР Алматы облысы Чунджа ауылының тұрғыны Фархат Абдуллаев. Ол кайтыс болғаннан кейін емдеу насихатымен оның жұбайы Нина (Әулие Нина, Нина-Ана) айналысуда.

Ілімнің негізгі принциптері

Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамайды. Бұл дінді ұстанушылар «Алля аят» ағымының негізін қалаушы Ф. Абдуллаевты Фархат Ата деп атап, тәңірге теңейді. Осылайша, «фархатшылар» қозғалысының идеологиясында Ф. Абдуллаевты Құдайға теңеу, ал оның жұбайы Нинаны әулиелер қатарына теңеу көзделген.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен мемлекеттік органдардың ведомствоаралық комиссиясы Алматы облысы Чунджа ауылына барып 2008 жылғы 18 мамыр күні «Алля аят» қызметіне жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша төмендегі қорытындыларды жасады:

  • «Алля аят» қозғалысы біртіндеп харизматикалық ерекшеліктегі жаңа дәстүрлі емес, жаңа лақаптық діни ілімге айналып келеді. Оккульті ұйымдасу формасы бар бірлестіктің жұмысында деструктивті белгілер бар;
  • «Алля аят» сеанстары психиқаға деструктивті өзгерістер әкеліп, адамның психикалық және физикалық денсаулығына зиян келтіреді;
  • «Алля аят» әдістемесі қазіргі ғылыми-практикалық медицинаның белгілі әдістеріне қайшы келеді және оккульті-мистикалық бағытта;
  • Қозғалыстың негізін қалаушы мен ізбасарлары (шәкірттері) нейро-лингвистикалық бағдарламалауды (НЛБ) қолданады.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2009 жылғы 5 ақпандағы шешіміне сәйкес Қазақстан халқының денсаулығына зиян келтіру арқылы мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, «Ата жол» ЖШС-ның және «Ата жол» (Ақ жол) қозғалысының қызметін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратуға және насихаттауға тыйым салынған.

АТА ЖОЛЫ (Ақ жол)

Пайда болу тарихы

«Ақ жол» өз қызметін ұйым ретінде 1997 жылғы ақпан айында бастады. Кейіннен «Ата жолы» деп атын өзгертіп, 2001 жылы Алматыда коммерциялық ұйым (ЖШС) ретінде тіркелген. Ұйымдастырушысы бүкіл Қазақстан бойынша көптеген шәкірттері бар Қыдырәлі Тарыбаев. «Ата жол» атты рухани-танымдық журнал, «Ата жолы әліппесі» атты кітапшаларын және басқа да басылымдар шығарып отырады.

Ілімнің негізгі принциптері

Аталмыш ұйымның басты мақсаты – белгілі бір төлемақыға адамнан әулие жасау. Емдеу курсы ішіне ата-бабалардың аруақтармен байланысу үшін Қазақстанның оңтүстік аймақтарындағы киелі жерлерге бару кіреді.

Адамды оның сәуегейлік пен емшілік қасиетіне ие екендігіне және адамдарды кеселден емдей алатындығына сендіреді. Егер ол аруақтардың шақыруына құлақ аспас болса ол бақытсыздыққа ұшырайды.

Еліміздің құқық қорғау органдары тарапынан «Ақ жолды» қаржыландыру көздерінің «Алля аяттағы» секілді ұстанушыларының міндетті ақша аударулары болып табылатындығы анықталған. Қаржыландыру ұстанымдары ағымның әр мүшесінің ағым құралымындағы деңгейін көтеру үшін өзімен бірге жаңа ұстанушыларды көбірек әкелуі жағынан «қаржылық пирамидаларға» ұқсайды.

Ведомствоаралық комиссияның «Ата жолының» қызметіне берген бағалары бойынша, «Ата жолы» сенімін ұстанушылар республиканың 9 аймағында: Шығыс Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында топтасқан.

«Шырақ жағу», «ақтық жабу», «бата шығару» сеанстары өткізіліп жатқан кезде «Ата жолы» қоғалысы белсенді түрде насихатталады, «ордаға» жақындарын, балаларын, жолдастары мен жұбайларын әкелу ұсынылады.

Весь список запрещенной литературы: http://pravstat.prokuror.kz/rus/o-kpsisu/spisok-religioznoy-literatury-i-informacionnyh-materialov-priznannyh-ekstremistskimi-i