Басып шығару

Қоғамдағы дінаралық диалог мәселелері туралы тренинг өткізілді.

вкл. .

Ағымдағы жылдың 12 қазанында Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының басшысы Ж.Сулейменов пен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Т.Разақ тренинг өткізді. Тренинг барысында деструктивті бағыттағы ағымдардың алдын алу туралы сөз қозғалып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.

Басып шығару

Бүгін «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы басталды

вкл. .

Ағымдағы жылдың 9 қазаны мен 4 қараша аралығында облыс көлемінде «ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» жобасы жүзеге асырылады. Осы уақыт аралығында құрылған 6 мобильді топ көптеген шараларды ұйымдастыратын болады.

Басып шығару

Әріптестерге сәттілік тіледі

вкл. .

Бүгін «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының ұжымы аталмыш мекеменің екі қызметкерін облыстың аудандарында ашылып жатқан дін мәселелері жөніндегі орталықтарға ауысуларына байланысты алдағы қызметтеріне сәттілік тілеп шығарып салды. Мекеменің талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Нұрмұхаммет Разақов Алға ауданында ашылып жатқан орталыққа басшы болып, ал теолог маман Темірғали Сайфуллин Мұғалжар ауданындағы «Жастар арасында дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің дін мәселесі жөніндегі бөлім басшысы қызметіне тағайындалды.

Басып шығару

Өңірден шыққан болашақ теологтармен кездесу

вкл. .

2013 жылы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ Ресей Федерациясы Татарстан Республикасының Қазан қаласындағы Ресей Ислам Институтымен (РИИ) меморандумға қол қойған болатын. Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен Ақтөбе өңірінен РИИ-да қашықтықтан оқыту арқылы 20 студент «Теология» мамандығы бойынша тегін білім алуда.
Басып шығару

КҮЗГІ ШАҚЫРЫЛЫМҒА ҮЛЕС ҚОСЫП КЕЛЕДІ

вкл. .

Күз мезгіліндегі маңызды науқан – күзгі әскерге шақыру мерзімінде Ақтөбе облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде өткізілетін мандаттық комиссия отырысына «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп келеді.

Мақалалар / Статьи