ЖАТ АҒЫМДАР ЖАСТАРДЫ АДАСТЫРМАУЫ ТИІС

Шалқар кездесу

«Дін мәселесі біздің рухани байлығымыздың бір тарағы... Ислам адамгершілік пен ақиқат діні.

Тазалық пен ізгілікті ғана насихаттайды... Ел ішінде діни құндылықтар дұрыс дәріптелу керек. Теріс ағымдарға тойтарыс берудің маңызы зор. Ол үшін имамдар мен ұстаздардың сауатын арттыруға басымдық берілуі тиіс» - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың II республикалық имамдар форумы аясында, Астанаға жиналған ҚМДБ өкілдерімен Ақордадағы жүздесуі барысында айтқан салмақты да салиқалы сөздері алдағы уақытта мемлекеттің дін саласындағы саясатын жүзеге асыруда біздерге жаңа міндеттер жүктеп, тың тапсырмалардың орындалуына жол ашып берді.

Осы орайда, Ақтөбе облысында  2017 жылдың сәуір айының 3-де басталған «ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» жобасы бойынша бірқатар іс-шаралар екі күннен бері Шалқар ауданының тұрғындары арасында өткізілуде. «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандаулет Сулейменов бастаған ақпараттық топтың құрамындағы теолог мамандар, дінтанушылар мен имамдар Біршоғыр, Қауылжыр ауылдық округтерінде жеке кездесулер өткізді.

Сондай-ақ Бершүгір және ГКС-12 орта мектебінде мектеп оқушыларымен, олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шаралар барысында ата – аналарға екпе алудың маңыздылығы да айтылды. Ауданның діни ахуалын тұрақтандыруға бағытталған жұмыстар ертең де жалғасады.

Жеке кездесу әкімшілік

Жеке кездесу Темір жол

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи