ШАЛҚАРЛЫҚТАРҒА РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ДӘРІПТЕЛДІ

Шалқар қортынды-1Бүгінде «дін мәселесі» қоғамның ең өзекті әрі ең нәзік тақырыптарының біріне айналып отыр.

 

Сондықтан халықтың діни сауаттылығын арттыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу мақсатында өңірде былтырдан бері «ХАЛЫҚТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ» жобасы тұрақты іске асырылып келеді.

Ағымдағы жылдың 19-21 сәуір аралығында I «АУҚЫМДЫ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ» және IV «ДІНГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАР» бағыттары бойынша Шалқар ауданында жоспарлы жұмыстар жүргізілді. Ақтөбе облысының дін істері басқармасы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы және ҚМДБ Ақтөбе облысындағы өкілдерінен тұратын ақпараттық-түсіндіру тобымен 33 іс-шара өткізіліп, 2000-ға жуық адам қамтылды.

1 және 4 бағыттар бойынша Шалқар ауданының орталығында және ауылдық округтердің мектептерінде оқушылар мен ұстаздар және ата-аналар, аудандық орталық емхана қызметкерлерінің қатысуымен кездесулер өткізіліп, мамандар тарапынан дін мәселесіне қатысты толыққанды ақпарат берілді. Тұрғындардың сауалдарына теологтар, дінтанушы, имамдар тұшымды жауаптар беріп, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы дайындаған діни экстремизмнің алдын алу тақырыптарындағы бейнеөнімдер көрсетілді.

Сонымен қатар, діни ұстанымын айқындау және оңалту  мақсатында жамағаттармен, оның ішінде әйел жамағатымен «Ханафи» бағытының құндылықтары түсіндірілген жалпы және жеке кездесулержәне мешіттерде құптан намазы уақытында жергілікті жамағаттарға уағыз-насихат шарасы ұйымдастырылды.

Шалқар қортынды-2

Шалқар қортынды-3

Шалқар қортынды-5

Шалқар қортынды-4

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи