ЕЛБАСЫ МАҚАЛАСЫ – РУХАНИ КЕМЕЛДЕНУДІҢ КІЛТІ

Дөңгелек стол-1Елбасының 2017 жылғы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ел өміріндегі маңызды саяси - идеологиялық құжат болып табылады.

 

Себебі, бұл мақалада ұлттық құндылықтарымыз, мемлекеттің ұлттық құрылымы, қазақ елінің тарихи мұралары туралы айтылған. Халыққа барлық мәселелер өте нақты түсіндірілген.

Осы орайда ағымдағы жылдың 27 сәуір күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талқылау және жуырда ғана Астана қаласында өткен II Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен танысу мақсатында Ақтөбе облысының дін істері басқармасы мен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітімен бірлесе «Елбасы мақаласы – рухани кемелденудің кілті» атты дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов «Елбасы мақаласы – рухани жаңғырудың жаңа мүмкіндіктері» атты өз баяндамасында Президент нақтылап берген тұтас қоғам мен сол қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамның санасын рухани жаңғыртудың 6 бағытын толық таратып түсіндіріп берді. 

Екінші болып «Елбасы жүктеген міндеттер – рухани жаңғыру жолындағы жоспарлы қадамдар» баяндамасымен ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бас имамы Төлеби Оспан сөз алды. Бас имам «Ислам және өркениет» тақырыбында өткен II Республикалық имамдар форумына Ақтөбе облысының делегациясын бастап барған болатын. Ол сондай-ақ Елбасының қабылдауында болып, еліміздегі ислам дінінің дамуына тың серпін беру, ел бірлігін сақтау жолындағы маңызды мәселелер талқыланған келелі кеңестен алған әсерімен бөлісті.

Дөңгелек үстелге жиналған мемлекеттік мекемелер және дін саласында қызмет ететін қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың, ардагерлер кеңесінің өкілдері және облыс мешіттерінің имамдары өз ойларымен бөлісіп, өзара пікір алмасты.  

«Дін мәселесі деген рухани байлығымыздың бір тарағы». Елбасының рухани жаңғыруды мақсат еткен бағдарламасын жүзеге асыруда біз ата-бабамыз ұстанған дәстүрлі дінімізден алшақтамай, рухани құндылықтарымызды, отансүйгіштік қасиетті өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, патриотизмді дәріптеуіміз қажет деген түйінмен тарқасты жұрт.

Дөңгелек стол-2

Дөңгелек стол-3

Дөңгелек стол-4

 Дөңгелек стол-5

Дөңгелек стол-6

Дөңгелек стол-7

 Дөңгелек стол-8

Дөңгелек стол-9

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи