РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ ХРОМТАУ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТҮСІНДІРІЛДІ

Хромтау-12017 жылдың 27-28 сәуір күндері Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Хромтау ауданында болып, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру және жергілікті тұрғындар арасында рухани тұрақтылықты қалыптастыру, жалған діни көзқарастарды бейтараптандыру мақсатында бірқатар іс-шаралар атқарды.

 

Мамандар жат діни ағымдардың алдын алу және дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, діни экстремизм мен терроризмнің қауіптілігінен жастарды сақтандыру мәселелері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Ж.Сулейменов №1 Хромтау, Көктау, «Нұрлы көш» ауылдарындағы орта мектептер мен №2,5 Хромтау гимназияларының оқушыларымен, ұстаздарымен және Хромтау тау-кен техникалық колледжінің студенттерімен, «Никельтау» теміржол бекеті қызметкерлерімен болған кездесулерде Елбасының мақаласында айтылған 6 басты бағыттарға тоқталып, «...Біздің көз алдымызда күнде өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылып, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру қажет» - деген Президент пікіріне сәйкес, әрбір қазақстандық азаматтың Өзгеру үшін өзін қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дәуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіріп, тамыры терең тарихымыздың асыл қойнауларында жатқан рухани ұлттық кодымызды ескеріп, Ұлттық рухани тамырымыздан нәр ала отырып, рухани жаңғыруымыз керектігін саралап баяндап берді.  

Шаралар барысында аудандық «Нұр» мешітіндегі жұма намазда және құптан намазында жамағатпен кездесу өткізіліп, уағыз айтылды. Дін ұстанушы жамағаттардың жекелеген сұрақтары бойынша 20-дан астам адаммен теологтар Ж.Сулейменов., Т.Разақ және найб имам Н.Шәкизадаұлы жеке қабылдаулар жүргізді.

Хромтау-2

Хромтау-3

Хромтау-4

Хромтау-5

Хромтау-6

Хромтау-7

Хромтау-9

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи