ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖАСТАРДЫҢ ЖАДЫНДА ЖАТТАЛУЫ ТИІС

Қобда-1Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары А.Есетова, теологтар М.Орынбай, Ә.Төлеубай және Т.Разақ ағымдағы жылдың 11-12 мамыр күндері тарихы тереңнен сыр шертетін батырлар мекені – Қобда ауданында болып, тұрғындармен кездесті.

Ата-бабаларымыздың санасында берік орныққан дәстүрлі ислам дінінің құндылықтарын насихаттау, жат ағымдардың алдын алу және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатында Сөгәлі ауылдық округінің Қоғалы ауылында, Қызылжар, Ақырап ауылдық округтерінде, Талдысай мен Әлия, Қобда ауылдарында 500-ден астам адамның қамтылуымен мектептерде, колледжде, мешітте 11 іс-шара өткізілді. Аталған шараларға ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, ата-аналар және мектеп мұғалімдері қатысты.

Топты бастап барған мекеме басшысының орынбасары Айгүл Есетова Президент мақаласында айтылған тұтас қоғам мен сол қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамның санасын рухани жаңғыртудың 6 бағытын түсіндіріп, өңірдегі дін саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Басты идеологиялық құжаттағы қазақ халқының тарихы мен мәдениетін жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті ұлт ретінде қалыптасу керектігі және біздің көз алдымызда күнде өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылып, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру қажеттілігі тыңдаушыларға толық жеткізілді.

Ел болашағы – жастарымыздың жат ағымдар жетегінде кетуінің алдын алу, яғни, олардың бойына білім, тәрбие, зияткерлік, қызмет жағынан озық ойлы, саналы, табысты болу идеясын сіңіруде – ата-ана, мектеп және жалпы қоғамның бірлесе әрекет ету мәселелері де талқыланды.

Қызылжар ауылында өткен кездесуде ауыл ақсақалы, «Абылай хан» атындағы мешіттің имамы Біржан қажы  жастарға «Дін деген сенің үлгің, тәртібің, ақылың. Айналайындар, келешекті ойлап, бақытты, сауатты, тәртіпті болу үшін, ең алдымен ата-аналарыңды сыйлаңдар» - деп, аталық ақылын айтты.

Аталмыш шаралардың тұрғындарға, оның ішінде жастарға берер тәлім-тәрбиесі мен оң әсерін қатысушылар да атап көрсетті.

Қобда-2

Қобда-3

Қобда-4

Қобда-6

Қобда-7

Қобда-8

Қобда-9

Қобда-10

Қобда-11

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи