Шеберлікті шыңдаған шара

Ағымдағы жылдың 16-17 мамыр күндері «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ ұйымдастыруымен облыс аумағындағы дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы және терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің біліктілігін арттыру мақсатында екікүндік семинар өткізілді.

 

Аталған шарада арнайы шақыртумен келген «Діндерді зерттеу орталықтарының ассоциациясы» ЗТБ директоры, «Дінтану» мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдардың магистрі, деструктивті топтар арасында әлеуметтік-психологиялық алдап-арбау мен әсеріне қарсы әрекет жасау жөніндегі кеңесші, ҚР ДІАҚМ дін істері және азаматтық қоғам жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Ю.Денисенко, «Ансар» кеңес беру - оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің магистрі А.Сабдин, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Б.Абдуалиев, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ философия ғылымдарының докторы, профессор А.Айталы және ҚР Мәдениет қайраткері, «Бірлік» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Е.Құрманбек сынды білікті мамандар мемлекеттің дін саласына қатысты саясаты, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, радикалды діни ағымдардың сипаты, дін атын жамылған ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу бойынша дәрістер оқып, еліміздегі заңмен реттелген діни қызметтің рөлін жіті түсіндірді.

Семинар барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы дайындаған бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарына дін мамандары тұшымды жауап беріп, өзара пікір алмасты.

Шара қатысушыларына арнайы әдістемелік құралдар мен сертификаттар табыс етілді.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи