ОРТАЛЫҚ БАСШЫЛАРЫ ОРТАҚ МҮДДЕГЕ САЙ ІС-ТӘЖІРИБЕЛЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Павлодар-1«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандаулет Сулейменов Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру барысында өзара іс-тәжірибе алмасу мақсатында ағымдағы жылдың 15-16 маусым күндері іссапармен Павлодар облысында болды.

 

Сапар барысында Павлодар қаласындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының» жұмысымен танысып, 16 маусым күні № 6697 және № 5512 әскери бөлімдерінің жеке құрамымен «Дәстүрлі және радикалды діни көзқарастар арасындағы айырмашылық» тақырыбында өткізілген профилактикалық кездесулерге қатысты. Аталмыш шараларға сондай-ақ «Қарағанды облысының конфессияаралық мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Т.Мұхтар және Павлодар қаласындағы «Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының» ақпараттық түсіндіру жұмысы жөніндегі бөлімнің басшысы З.Асанбаева қатысты.   

Терроризм – (латынның TERROR - қорқыныш, үрей) – қазіргі билікті басып алу мақсатында ұйымдасқан қылмыскерлердің күш қолдану әрекеттері, халықаралық қарым-қатынастардың қиындауы, мемлекеттер мен корпорацияларға саяси және экономикалық қоқан-лоққы көрсету дегенді білдіреді.  Қазіргі таңда терроризм өзінің көлемі, зардабы жағынан ең қауіпті ғаламдық қоғамдық-саяси мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде терроризм – тек диверсанттар, ұшақтарды алып қашушылар немесе шахид-камикадзалар ғана емес. Заманауи терроризм бұл – жойқын таралған және жақсы ұйымдасқан құрылымдар. Соңғы деректерге сүйенсек, әлемде 500-ге жуық заңсыз террористік ұйымдар бар деп саналады.

Павлодар-2

Паволдар-3

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи