Жарыстар мен дәстүрлі ойындар денешынықтыру мәдениетінің сақтаушысы

Биылғы қасиетті Рамазан айының басталуына орай «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жарық» кеңес беру орталығы, сонымен қатар, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті бірлесе ҚАЖ 168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында волейбол, арқан тартыс, қол күрес, дойбы, шахмат, футбол және гір көтеру сынды 7 спорт түрінен жарыстар өткізілген болатын.

 

Ұйымдастырылған шаралар 26 маусым күні облыстық дін істері басқармасының жетекші маманы М.Қалманов, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы М.Орынбай және «Жарық» кеңес беру орталығының өкілі И.Прмағамбетовтің қатысуымен өз мәресіне жетті.


Шара соңында «Үздік ойыншылар» анықталып, жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи