Әйел жамағатпен өткізілген ашық әңгіме

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен қалалық мешіттің ұйымдастыруымен «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтану ғылымдарының докторы Қайрат Құрманбаевтың Ақтөбе қалалық орталық мешіті жанындағы әйелдерге арналған сауат ашу орталығында әйел жамағатпен кездесуі өткізілді. Кездесуге 40-тан астам әйел жамағат қатысты.

 Кездесу барысында әйелдер өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Қ.Құрманбаев оларға Құран кәрімнің аяттары мен сахих хадистерден дәлелдер келтіріп отырып, жауаптар беріп отырды.

Кездесу барысында әйелдердің отбасындағы ролі, күйеуінің алдындағы міндеттері, талақ мәселесі, екпе, әйелдердің садақа беруі, әйел адамдардың намаз оқуындағы ерекшеліктер, білім алу тақырыптарында әйелдер толықтай мәлімет алды.

Кездесу соңында сауат ашу орталығының ұстазы Талшын Қожахметова Қайрат Құрманбаевқа уақыт бөліп кездесуге келгені, қойылған сұрақтарға қанағаттанарлық жауап бергені үшін әйел жамағаттың атынан алғыс білдірді.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи