Мекеме қызметкері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды

 Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының облыста жүзеге асырылуы бойынша жиналыс болып өтті.

Жиналыста жобаның жүзеге асырылуы барысында атқарған белсенді еңбегі мен айрықша қызметі үшін бірқатар мамандарға алғыс жарияланды. «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы Разаков Нұрмұхаммет облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі, теолог Қожахметова Талшын да марапатқа ие болды.

Марапатталған әріптестерімізді құттықтай отырып, жасап жүрген жұмыстарына абырой тілейміз.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи