Діни радикализмнің алдын алу мәселелері бойынша Атыраудағы іссапар

2017 жылғы 14 шілде күні Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрінің Атырау облысына жұмыс сапары аясында дін мамандарымен семинары өткізілді.

 Семинар барысында Нұрлан Ермекбаев діни қатынастар мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін атап өтіп, Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері туралы баяндады.

Сонымен қатар, «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы» КММ басшысы Жандаулет Сулейменов Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық-талдау орталығы» КММ және  «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» өкілдерімен діни радикализмнің алдын алу, сондай-ақ, аймақтағы діни ахуал жайында пікір алмасып, тәжірибелерімен бөлісті.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи