ҚОБДАЛЫҚТАРМЕН БІРЛЕСКЕН КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Ақтөбеде жыл сайын аудан күндерін кең көлемде өткізу игі дәстүрге айналған. Осы орайда ағымдағы жылдың 21-22 шілде күндері өтетін «Киелі Қобда елі» атты Қобда ауданының күндері аясында 20 шілде күні Ақтөбе қаласы әкімдігінің қолдауымен «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыруды түсіндіру және ұлттық құндылықтарды насихаттауды жүргізу» тақырыбында өзара тәжірибе алмасу түріндегі келелі кеңес болып өтті.

Шараға Ақтөбе қаласы әкімдігінің және Қобда ауданы әкімдігінің  мемлекеттік қызметшілері, «ҚР ардагерлерінің қоғамдық бірлестігі»  ұйымының мүшелері, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері, қала аумағында орналасқан мешіттердің имамдары қатысты.

Сонымен қатар жиында «Ақтөбе облысы дін істері басқармасы» ММ «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жандаулет Сулейменов облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру барысында «Аңсар» орталығымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып, өскелең ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлі дінімізді дәріптеудің маңыздылығы турасында баяндама жасады.

Жат ағымдардың алдын алу, терроризмге тойтарыс беру мәселесі бойынша пікірлерімен бөліскен кеңеске қатысушылар өзара тәжірибе алмасуда осы игі бастаманың берері мол екендігін атап көрсетті.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи