Ақтөбеліктер қажылыққа аттанады

Қажылық әрбір мұсылман үшін жауапкершілігі аса жоғары бес парызының бірі. Яғни, күші жететін, жағдайы келетін адамның қ асиетті Қағбаға барып, қажылыққа тән болған ғибадаттарды жасауы.

 Осы орайда, бүгін қалалық орталық мешітте Ақтөбе өңірінен аталған сапарға ниет еткен 25 адаммен кездесу өткізілді.

Кездесуге «Аңсар» орталығының басшысы Ж.Сулейменов, «Нұр Ғасыр» мешітінің найб имамы Н.Күзенбаев, қалалық мешіттің бас имамы А.Садиев қатысып, ғибадатының пайдалары мен хикметтері жайлы кеңес берді. Сонымен қатар, өз кезегінде Ж.Сулейменов қажылық уақытында шет адамның уағыз-насихаты мен, түсіндірме жұмыстарына, сондай-ақ тегін таратылған діни әдебиеттерге мұқият қарап, сақ болуға шақырды.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи