ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ХАТШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаевпен ағымдағы жылдың 13 мамырында «12 нәтижелі терроризмге қарсы комиссия» жобасы бекітілген болатын. 

Жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Алға аудандық терроризмге қарсы комиссияның қызметі үздік деп танылды.

Осы орайда, бүгін Алға қаласында терроризмге қарсы комиссияның потенциалымен таныстыру, экстремизм және терроризмнің алдын алу, діни радикализмнің таралуын талқылау мақсатында облыс бойынша  комиссия хатшыларына арналған арнайы семинар ұйымдастырылды.

Шара барысында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Н.Разақов қазақстандық зайырлы қоғамның құндылықтарын түсіндіру, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы бағытталған әрекеттердің алдын алу тақырыбында қатысушылармен трениг өткізді.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи