ТАМЫЗ КЕҢЕСІНДЕ ТҰЖЫРЫМДАМА ТҮСІНДІРІЛДІ

Тамыз кеңесіАғымдағы жылдың 24 тамыз күні Мұғалжар ауданының орталығы Қандыағаш қаласында «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 – білімнің үлесі» тақырыбы аясында өткен аудандық тамыз конференциясына «Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ-нің «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Айгүл Есетова қатысып, мемлекеттің дін саласындағы саясатына қатысты ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. 


Жаңа оқу жылының басында ұйымдастырылған маңызды шараларда, яғни орта білім беру ұйымдарының басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, дінтану пәнінің мұғалімдері секциялары жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы» таныстырылды. Аталған құжаттағы рухани (діни) білім беру ұйымдарынан басқа, білім беру ұйымдарындағы білім жүйесінің негізгі көздейтін зайырлылық қағидаттарына тоқталып, мектеп формасына қатысты ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы да түсіндірілді. 
Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының талқылануы жөнінде айтылды. Тамыз кеңесіне қатысушылардың дін мәселесіне қатысты бірнеше сұрақтарына «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының Мұғалжар ауданы бойынша теолог маманы Темірғали Сайфуллиннің тарапынан да тұшымды жауаптар берілді.

2

3

4

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи