Өзекті мәселе – өзекті отырыс

Дін мәселелері жөніндегі облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы (АТТ) мүшелері – дін саласындағы мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін арттыруға және қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Осы орайда, бүгін облыс әкімдігінің ғимаратында облыстық дін істері басқармасы мен "Аңсар" ақпараттық талдау орталығының ұйымдастыруымен АТТ мүшелерінің жұмыстық кездесуі өткізілді.

 

Кездесуге мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың, ҚМДБ мен жергілікті БАҚ өкілдері қатысып, басқарма қызметкерлері тарапынан «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 - 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы», сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасы түсіндірілді.

 

Барысында Келдібай Еспағамбетов, Амангелді Айталы, Мейірхан Ақдәулетұлы және Асылан Балқасынов сынды тұлғалар ақыл-кеңестерін жеткізді.

 

Шара соңында басқарма басшысы Жолдас Қалмағанбетов АТТ мүшелеріне осы саладағы қызметтерін растайтын куәлік пен төс белгілерін табыстады.

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи