Ақтілекті ақжарқын қонақтар!

Астана қонақтарыАқтөбе өңіріне қызметтік сапармен «Уақып» қорының басшысы Қайрат Айтбай мен республикалық «Ақниет» оңалту орталығының басшысы Әлім Шауменов келді.


«Уақып» қоры Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылып, қазіргі таңда мекеменің жұмысы қайырымдылық қоры ретінде әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлері жұмысының тиімділігін көтеру мен қолдауға бағытталған.
Аталған тұлғалар бүгін «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қызметімен, сонымен қатар, діни сауаттылықты жетілдіру мен түрлі діни ағымдардан сақтану мақсатымен дайындалған бейнероликтер және әдістемелік құралдармен танысты. Олар «Аңсар» орталығымен атқарылған жұмыстардың ауқымын жоғары бағалады.
Шара соңында облыстық дін істері басқармасының басшысы Ж.Қалмағанбетов «Аңсар» орталығының басшысы Ж.Сүлейменовпен орталықтың бөлім басшысы Н.Разақовқа дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелік куәлігі мен төсбелгісін табыстады.

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Астана қонақтары

Пікір үстеу


Қауіпсіздік коды
Жаңарту

Мақалалар / Статьи