714ff014-34b0-41b6-afcf-9e1a9144500b

«ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН» ФЕСТИВАЛІ өтті

«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының қолдауымен Ақтөбеде алғаш рет «ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН» ФЕСТИВАЛІ өтті. Жобаның авторы Бегимова Мария Досымбекқызы.

Шара барысында  «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Мералы Раушан Мақсатқызы «Ораза ұстаудың ережелері» тақырыбындағы баяндамасында оразаның мәні, сауабы мен шарттары туралы діни тұрғыда баяндады.

Орталықтың психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызының «Әйел психологиясының құпиялары» атты психологиялық тренингінде қыз-келіншектердің ойлау ерекшеліктері, қыз баланың даму кезіндегі психологиялық қабілеттері турасында сөз қозғалды.

Комментарии закрыты.