IMG-20190516-WA0076

ОҚЫТУ СЕМИНАРЫНДА ТЕОЛОГ МАМАНДАР ДӘРІС ОҚЫДЫ

Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Өңірлік оқыту орталығында теолог мамандар Н.Панаев және С.Жидебаев «Діни экстремизм мен терроризмге жол жоқ» және «Қазақстандағы діни ахуал» тақырыптарында мекеме қызметкерлерімен кездесу  өткізді.

Кездесуде қазіргі таңда қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі діни жат ағымдар туралы ақпарат беріліп, ағымдардан сақтану жолдары баяндалды. Теріс көзқарасты ұстанушылардың діни сенімде шектен шығуы халық арасында алауыздық пен түсініспеушілік тудыратынын ескертті.

Сонымен қатар «Шариғаттағы хижрет сөзінің түсініктемесі» тақырыбында бейнеролик көрсетілді.

Комментарии закрыты.