контр copy

ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАС — ТҰРАҚТЫЛЫҚ КЕПІЛІ

Ертеректегі ғалымдардың бірі туыстық қатынасты сипаттап былай деген екен: «Егер сенің туысың болып, сен оған өз аяғыңмен бармасаң және малыңнан сый-сияпат жасамасаң, онда туыстық қатынасты үздім деп ойла».

Расында да қиямет күнінде туыстық қатынасты үзбеген адамның мәртебесі жоғары. Бұған қатысты Әнас ибн Мәлик (р.а.):
«Қиямет күнінде үш топ адам Алланың аршысының көлеңкесінде тұрады. Олар: туыстық қатынасын үзбеген адам. Оның өмірі ұзартылады, ризығы молайып қабірі кеңейтіледі; үй асыраушысы қайтыс болып, балаларымен қалған жесір әйел және қолында тағамы бар, онымен жетімдер мен міскіндерді тамақтандырған адам», – деп айтқан.

Алла Тағаланың туыстық байланысқа қатысты айтқан әмірін мұсылман халықтары орындауы арқылы қоғам тұрақтылығына өз үлесін қосуда. Өйткені, олар Алланың әмірін мүмкіндігінше бұлжытпай орындауға тырысады. Негізі мұсылман мемлекетері мен халықтарының арасындағы туыстық қатынасты, батыс мемлекетеріндегі туыстық үрдіспен салыстыратын болсақ, мұсылман халқы арасындағы туыстық байланысының (бауырластық, көрші ақысы, отбасын құру, мұқтажға жәрдем беру, жақсылық жасау және т.б.) құндылықтардың басым әрі күшті екенін байқайсыз. Мұның сыры не деп ойлайсыз? Әрине, Жаратушының пенделеріне жіберген әмірі, уәде еткен сауабы мен жазасы. Пайғамбардың (с.ғ.с.) жақсылыққа жігерлендіретін хадистері мен өсиеттері. Бұл екеуі мұсылман халқы дінінің негізгі қайнар көздері.

Адамдарды татулық пен бірлікке, туыстық байланыстың берік болуына шақыратын да осы екеуі.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

Дереккөз: https://kazislam.kz/

Комментарии закрыты.