контр copy(1)

ҚМДБ-НЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖАНАЗА ЖӘНЕ АСТАРДЫ АТҚАРУ ТӘРТІБІ

18.06.2020 жылдан бастап

Жаназа намаздарын оқуға және астарды өткізуге қойылатын талаптар:

◻️ Жаназа намазына келуші жамағатқа карантин талаптарын қысқаша түсіндіріп, орындалуын талап ету.

◻️ Дін қызметкері жаназа намазында 5 минуттан артық уағыз айтпау;

◻️Қабір басында мәйіт жер қойнына қойылғаннан кейін жамағатты тезірек қайтаруға атсалысу;

◻️ Жаназадан кейінгі астарды барынша болдырмауға немесе аз кісі (тек жақын тума-туыстарының) қатысуын насихаттау;

◻️Дін қызметкері жамағатпен қол алыспау;

◻️ҚР Санитарлық Бас дәрігерінің 22.05.2020 жылғы №37 ПГВр қаулы талаптарын орындау;

◻️Дін қызметкерлері мен жаназа намазын оқуға келген жамағаттың міндетті түрде бетперде және медициналық қолғаппен жүруін насихаттау және орындау;

◻️Жасы үлкен кісілер, денсаулығы нашар адамдар (ер және әйел) және жас балалар жаназа намаздарына қатыспау;

◻️ҚМДБ қонақ асы, жетісі, қырқы, жүзі, жылы, еске алу т.б. көпшілік жамағат жиналатын астарды еліміздегі эпидемия жағдайы тұрақталғаннан кейін өткізілуге кеңес береді.

Дереккөз: www.muftyat.kz

Комментарии закрыты.