контр copy

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҰРЫНДЫРМАЙТЫН ЖОЛ

Ислам дінінің атынан жасалатын лаңкестік әрекеттерді қазіргі әлемдегі, жаһандық саясаттағы үлкен ойыншылардың әділетсіздігімен, мұсылман елдерінің саяси, әлеуметтік, экономикалық дамуындағы салыстырмалы тұрғыдағы артта қалушылығымен немесе ислам дінінің мұндай әрекеттерге еш қатысы жоқ бейбіт дін екенін алға тартатын үйреншікті дәйектермен түсіндірудің мүмкін еместігін де ескеру керек. Бұл, қысқа айтқанда, діни радикализмге, экстремизм мен осыдан туындайтын террористік әрекеттерге тым оңай қарағандық болған болар еді.

Исламдағы радикализм мәселесі көп жағдайда діннің ішіндегі әртүрлі бағыттар мен ағымдарға бөлінушіктен туындайтынын түсіну оның қазіргі күндегі идеологиялық және саяси көрініс беру заңдылығын түсінуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның конституцияға сәйкес зайырлы мемлекет болып табылатыны бізге діннің ішкі мәселелеріне дендей енуден сақтандыратын маңызды өлшем екенін түсінуіміз керек. Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда да ислам тарихында пайда болған діни айтыс-тартыстар бой көтеріп, бұл үрдіс ультраконсервативтік исламдық ағымдардың демократия мен зайырлылық идеяларын мойындамайтын риторикасынан көрініс табуда.

Әрине, бұл өте қауіпті құбылыс. Егер заманауи дамуды басшылыққа алған зайырлы мемлекет тарапынан дінді біржақты түсінетін теріс діни ағымдардың идеяларын ешқашан мойындалмайтыны туралы анық ұстаным болмаған жағдайда немесе ол өте әлсіз көрініс тапқан жағдайда, мәселе ушыға түседі. Бұған алысқа бармай-ақ ислам кеңістігінде жатқан бірқатар елдердің бүгінгі тарихы дәлел бола алады.
Сондықтан зайырлы мемлекеттерге қоғамның бірлігі мен тұтастығына қауіп түсіретін деструктивті діни идеяларға тойтарыс беруден басқа жол жоқ.
Мейрам Өткелбайұлы

Дереккөз: kazislam.kz

Комментарии закрыты.