3c7253a5-8df8-4c13-8559-57a543db980a

КӨШЕДЕ МАСКАСЫЗ ЖҮРГЕНДЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛА МА?

Әділет министрлігі карантин кезінде көшеде маскасыз жүрген адамды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік өкілдері барлық шектеу шараларының бірінші кезекте коронавирус инфекциясының таралу қаупін төмендетуге бағытталғанын, олардың қолданыстағы заңнама аясында іске асырылатынын атап өтті. Карантин режимі кезінде денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген санитарлық ережелер сақталуы тиіс.

Онда жабық бөлмелер мен қоғамдық көліктерде міндетті түрде маска тағу туралы талап қарастырылған. Сондай-ақ санитарлық ережеде азаматтардың көшеде жүруіне қатысты жекелеген талаптар бар. Атап айтқанда, адам көп шоғырланған жерлерде әлеуметтік арақашықтық сақтау, үш адамнан артық жиналып жүрмеу немесе ондай жағдайда еліміздің бас санитарлық дәрігері бекіткен талаптарды сақтау.

Дереккөз: kazislam

Комментарии закрыты.