0d5dbbe7-dedd-4519-8380-5e3f40f00373(1)

«Тағылымы мол Құрбан айт» online-зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» тапсырысымен «Жарық» ақпараттық кеңес беру орталығы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы ұйымдастыруымен өткен #ТАҒЫЛЫМЫ_МОЛ_ҚҰРБАН_АЙТ online-зияткерлік сайысы өз мәресіне жетті.

Оnline-зияткерлік сайысқа барлығы 70-ке жуық қатысушы тіркеліп, Google Форма желісінде «Ислам ғылымхалы» кітабының «Құрбан айт» бөлімі бойынша тест сұрақтарына жауап берді.

Жоғары ұпай жинаған 13 қатысушы ІІ кезеңге жолдама алып, үздік деп танылған 10 қатысушы
ZOOM платформасында ІІ кезеңде ауызша билет бойынша бақтарын сынады.

Оnline-зияткерлік сайысқа:
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы, Күзенбаев Нұрлыбек Шәкизадаұлы;⠀
«Ансар» кеңес беру-оңалту орталығының басшысы,Төлеубай Әлібек Серажиддинұлы;⠀
«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы, Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы қазылық етті.

Қазылар алқасының бағалауына сәйкес 3 жеңімпаз анықталып, 7 қатысушыға ынталандыру сыйлығы табысталынатын болады.

Барша қатысушыларға алғыс білдіріп, жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта online форматта жаңа сайыс, жаңа байқаулар өткізетін боламыз! Бізбен бірге болыңыз, оқырман!

Комментарии закрыты.