«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының «Ақпараттық түсіндіру және оңалту» бөлімінің басшысы С.Ұлқабай қалалық №8 және №52 жалпы білім беретін орта мектептерде діни экстремизм мен терроризм профилактикасы бойынша жоғары сынып оқушыларымен кездесу жүргізді.
Шара барысында «Білімдіге дүние жарық» бейнеролигі көрсетіліп, бүктемелер тарата отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.