Ашық есік күні халық көп шоғырланатын «Астана» сауда үйінің алдында өтті. Бұл шарада діни, психологиялық, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік мәселелер бойынша тегін кеңес берілді. Бұл шарада 100-ден астам тұрғын сауалдарына жауап беріліп, мамандар халыққа мәселелерінің шешу жолын көрсетті. Тұрғындар өз кезегінде халық арасына келіп, мұң-мұқтажын тыңдап, кәсіби кеңес берген мамандарға және аталмыш шараның өтуіне ұйытқы болған Ақтөбе облыстық дін істері басқармасы «Аңсар» ақпараттық талдау орталығына ризашылықтарын жаудырды.