Ақтөбе қалалық орталық мешіті, «әйелдер сауат ашу» орталығында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Нұрғалиева Динара әйел жамағатына «Әйел сұлу көрінер әдебімен» уағыз-насихатын өткізді. Әйел жамағатынан барлығы 50 адам қатысып, исламдағы әйел әдебіне қатысты насихат тыңдап, көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.
Сонымен қатар «Matrix» коворкинг орталығында да әйелжамағатымен жүздесулер болды.