«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының мамандары Қайырғалиқызы Эльмира және Мақсатқызы Жансұлу Әйтеке би ауданында іссапарда болып, аудандық аурухана дәрігерлеріне «Психология және ұлттық психология» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс барысында адам психологиясының қыр-сыры, жат ағым ықпалына түскен жанның психологиялық тұрғыдан өзгеруі сөз болып, дәрігерлер сұрағына жауап берілді. Интерактивті байланыс орнатылып, орталық тарапынан оқулықтар сыйға берілді.