«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Н.Такеев «Дін және қоғам» тақырыбында Маржанбұлақ әкімдігінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қоғамдағы өзекті діни мәселелер көтеріліп, қызметкерлер сұрақтарына жауап берілді. Сонымен қатар, «Аңсар» орталығынан шыққан бүктеме қағаздар, әдістемелік нұсқаулықтар таратылды.