«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының психолог маманы Эльмира Қайырғалиқызы және Гүлжанат Қанашбаева «Қарым-қатынас психологиясы» тақырыбында Хромтау аудандық аурухана дәрігерлеріне тренинг өткізді.
Тренинг барысында қоғамның әр мүшесімен жас ерекшеліктеріне, көзқарастарына қарай қарым-қатынас құру, олардың психологиясын тану жөнінде ақпарат берілді. Сонымен қатар, орталық атынан әдістемелік құралдар, кітаптар мен бүктеме қағаздар сыйға берілді.