«Matrix» коворкинг орталығында болған ер жамағатына арналған екі күндік «Білімдіге дүние жарық» семинар-тренингі өз мәресіне жетті. Семинардың соңғы күнінде «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD доктор Тәжібаев Серік «Пайғамбар ақидасы» тақырыбында және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы басшысының орынбасары Талдыбаев Төлеген «Хадистен үкім шығару» мәселелері тақырыбында дәріс өткізді. Дәріста барлығы 40 жамағат қамтылды.