Жұма күні «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы, «Ақтөбе белсенді жастар жамағаты» және»Досжан Хазірет» мешітінің ұйымдастыруымен қасапшылар сайысы өтті.
Алдымен ақсақалдар батасы беріліп, қатысушылар сайысқа түсті. Сайыс қорытындысында
•1-орын қойды 7 мин ішінде сойған Сейітжанұлы Медетке бұйырып, 15 мың теңгелік жүлдесі тапсырылды.
•2-орын 10 мың теңге 8 мин 10 сек нәтижесін көрсеткен Жеңіс атты азаматқа бұйырды.
•3-орын 23 мин нәтижесімен Деменов Самғат 5 мың теңге иеленді.
Сайыс соңында жамағатқа арнап қазан көтеріліп, ыстық ас-су таратылды. Форматы ерекше, дәстүрмен таныстырар рухани-танымдық шара үшін сайысты тамашаушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.