Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Есдаулетов Рахмет Разбекұлы мамандарымен және Қызылорда облысының дін мәселелерін зерттеу орталығының басшысы Боранбаев Аралбек Жұбатқанұлы тәжірибе алмасу мақсатында «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында болды.
Орталық басшысы Н.Жаншин «Аңсар» орталығында жұмыс жасайтын 4 бөлім және 19 бағытпен таныстырды. Келген қонақтар орталықтың тиімді жұмыстарын өз тәжірибелеріне енгізетінін айтып, өз жұмыстарымен де бөлісті.