Мұғалжар ауданы, Ембі қаласындағы вахталық қалашықтарда жұмыс жасайтын қызметкерлермен «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Имағанбетов Қайрат «Ислам-бейбітшілік діні» тақырыбында дәріс өткізіп, мемлекеттің дін саясатын түсіндірді.
Кездесу АО «Каспий Нефть ТМЕ» және ТОО «Арал Петролеум Капитал» жұмыс орындарында болып, дін мәселелеріне байланысты өзекті сұрақтарға маман тарапынан жауап берілді. Сонымен қатар, «Аңсар» орталығы атынан оқулықтар, бүктеме қағаздар таратылды.