«Алаш» қоғамдық бірлестігі @alash_qogam_birlestigi «Жастар жылы- ел тарихында» атты қорытынды кеш өткізді. Мақсаты жастар жылының бастамалары мен жобаларын қорытындылау болды. Қаланың әлеуметтік дамуына белсенді түрде үлес қосып жүрген еріктілер тобы марапатталып, әр топ келер жылдағы өз жоспарларымен бөлісті.
«Аңсар еріктілері» @ansar_eriktileri қайырымдылық және де дәстүрлі рухани шараларды өткізуде белсенділік танытқаны үшін «Жастар жылының Ең Дәстүрлі Волонтерлар тобы» атанды. Еріктілерімізді жетістігімен құттықтап, еңбектеріне табыс тілейміз!