«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының бөлім басшысы Разақов Н.Ш. әскери техникалық мектептің курсанттарымен «Әлеуметтік желідегі деструктивті діни бағыттың арбауы» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Нұрмұхамед Шәмшіұлы ғаламтор желісіндегі дін ақпаратты қатаң сүзгіден өткізіп, ресми мекемелердің аккаунтарынан ғана мағлұмат алу керектігін ескертті. Курсанттар өз тарапынан елдегі діни ахуал бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Бұдан бөлек психологиялық тренингтер өткізілді.