Қайырымдылықпен белсенді түрде айналысып жүрген Ақтөбелік жастар «Еріктілер-2020» жоспарын талқылау үшін бас қосты.
⠀⠀⠀
Шара басында сөз алған «Аңсар» орталығының басшысы Н.Берікұлы жастық жігерді игілікке жұмсап, ел мүддесі үшін саналы да ерікті түрде қызмет етіп жүрген жастарды қолдап, @ansar_eriktileri-нің 1 жылдық жұмысына жоғарғы баға берді. Бөлім басшысы Н.Шәмшіұлы жастарға ағалық ақылымен қоса, «болмасаң да ұқсап бақ» дегенге сай қазақ зиялылары мен Алаш арыстарының жолын жалғап, жылы жүрек пен ізгілікті, дін мен дәстүр бірлігін дәріптеп жүрген жастарға батасын берді.
⠀⠀⠀
Белсенді жастар қатарында @ansar_eriktileri, @zhurekten_zhurekke_aktobe, @alash_qogam_birlestigi, LiderQ жастары болып, еріктілер жұмысындағы өз тәжірибелері мен келу жолдарын айтып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Барша жастарға істеріне сәттілік, жұмыстарына береке тілейміз.