«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Берікұлы Хромтау аудандық дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерімен аудандағы діни ахуалды тұрақтандыру жөнінде дөңгелек үстел өткізді.
⠀⠀⠀
Жиналыс барысында аудандық ақпараттық түсіндіру тобының өткен жылғы жұмыс есебін қарап, жеткен жетістіктері және жіберген кемшіліктері талқыланды. Нұрсұлтан Берікұлы биылғы жылғы дін саласындағы 3 негізгі бағыт бойынша нұсқаулықтар беріп, АТТ құрамын пысықтады.