«Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин және Қобда аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы «Дәстүрлі дін — мәдениеттің алтын діңгегі, рухани тәрбиенің көзі» тақырыбында «Дінтану және зайырлылық» пәнінің мұғалімдері және аудандық мектеп психологтарымен кездесу өткізіліп, әдістемелік көмек берілді. Кездесу барысында ұстаздар тарапынан ұсыныстар айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.