Мұғалжар ауданында аудан әкімі Шериязданов Асқар Тұрарұлының төрағалығымен терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
⠀⠀⠀
Аталмыш отырысқа Ақтөбе облысының бас имамы Оспан Төлеби Дәділұлы, Ақтөбе облысының дін істері басқармасының бөлім басшысы Құлдыбаев Руслан Сейдағұлұлы, «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Жаншин Нұрсұлтан Берікұлы қатысты.
⠀⠀⠀
Комиссия отырысы барысында діни ахуалды тұрақтандыру бойынша ұсыныстар беріліп, Мұғалжар ауданына әдістемелік көмек көрсетілді. Сонымен қатар мешіт ахуалы және жауапты куратор ретінде теолог, имамдардың бекітілуі сөз болды.