Сайыс соңында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының басшысы Ә.Тұралиев және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығының басшысы Н.Жаншин қорытынды сөз сөйлеп, аруларды көктем мерекесімен құттықтады. ⠀⠀⠀
Сайысқа әділ қазылық еткен «Аңсар» орталығының теолог маманы Роза Бақытқызы, Алға аудандық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталық басшысы Гүлзат Ідірісқызы, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының «Оқырмандарға қызмет көрсету» бөлімінің меңгерушісі Гүлмайрам Әбубәкірқызы сайыс қатысушыларын марапаттады.