Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 коронавирус жұқпалы дертін пандемия деп жариялауына байланысты Ақтөбе облысының дін істері басқармасы және «Аңсар» ақпараттық талдау орталығы мен аудан әкімдіктерінің мамандары Ақтөбе қаласы мен аудан мешіттеріне тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.
⠀
Бүгін жұма намазы уақытында мешіттерге мониторинг жасалып, мешітке келуші әр азаматты ҚМДБ ғұламалар кеңесінің пәтуасымен таныстырып, Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат беретіндігі жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Мониторинг, түсіндіру жұмыстарын жамағат дұрыс қабылдауда. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.
⠀
Ақтөбелік жамағатты шариғатымыздағы «Өзіңе де, өзгеге де зиян келтіруге болмайды» деген қағиданы ұстануға шақырамыз!