«Алла Тағала шектеуліліктерден, тіректер мен ағзалардан, құралдардан пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ (оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар) қамтымайды».
⠀ ⠀
Хазіреті Әлиден (р.а): «Аршы жаратылмай жатып Алла Тағала қайда болған?»-деп сұрақ қояды. Сонда ғұлама сахаба: «Мекен жайлы
сауалға жол болсын (бұлай сұраудың жөні жоқ). Алла Тағала мекен мен мезгіл деген нәрсе болмай жатып болған. Ол (Жаратушы Алла Тағала) әуелі қандай күйде болса, қазір де сол қалыпта»-деп жауап берген.